Chania
42
15.03.2024
«Жанұяда» Қайырымдылық күні

Қостанай облысының «Ассамблея жастары» РҚБ еріктілері «Қайырымдылық күнін» отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының  тұрғындарымен бірге өткізді.

Қайырымдылық шарасы Наурызнама онкүндігі аясында өткізілді. Балалар тәрбиешілерімен бірге қазақ тағамдары, ойындары мен дәстүрлері туралы білімдерімен бөлісіп, одан кейін қонақтарға тұсау кесу, беташар және шашу дәстүрлерін көрсетті.

Кейін ҚХА белсендісі Валерий Гумиров өзінің көмекшісі Мариямен бірге балалар үшін қызықты тапсырмалар өткізді. Балалар лабиринттен шығу жолын тауып, гитарамен ән шырқады. Мереке соңында Анель Пимичева көктемгі әнін орындап, «Ассамблея жастары» балаларға жемісті сый-сыяпаттарын тарту етті.